Телефоны приемной:
8 (71333) 31110
8 (71333) 34311
» » Қандай медициналық көмек халыққа жаппай тегін көрсетіледі?

Қандай медициналық көмек халыққа жаппай тегін көрсетіледі?

25 август 2020, Вторник
730
0

Мемлекет бұрынғыша халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында базалық медициналық қызметтермен қамтамасыз етеді:
1.Жедел және шұғыл медициналық көмек(қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызу );
2.Емханаларда қызмет көрсету(әлеуметтік маңызы бар және созылмалы ауруға шалдыққан адамдарды терапевттің,оның ішінде бейінді мамандардың қабылдауы және кеңес беру,зертханалық қызметтер,диагностика,емдеу,вакцинация,скринингтер,1 жасқа дейінгі балаларды патронаждау,жүктілікті жүргізу);
3.Диагностика және емдеу:
*әлеуметтік мәні бар аурулар(туберкулез,АИТВ,психиканың бұзылуы,қатерлі ісіктер);
*негізгі созылмалы аурулар(диабет,артериялық гипертензия,вирустық гепатит,ревматоидты артрит және т.б. );
*айналадағыларға қауіпті жіті жұқпалы аурулар.
Сондай-ақ,белгілі бір ауру мен жағдайлар бойынша диспансерлік есепте тұрған азаматтар тегін дәрі-дәрмек ала алады.
Емхана ТМККК пакеті бойынша медициналық көмек көрсетуден бас тартса, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы Қорға хабарласуларыңызды сұраймыз.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки