Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай, Мұғалжар аудандық ауруханасының медицина қызметкерлері мен кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Қандыағаш қаласындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жалмағанбетов Ө.пен Проскурня А. үйлеріне барып,медициналық көмек көрсетті:артериялық қан қысымы мен қандағы глюкоза мөлшерін өлшеді.Сондай-ақ,аурухана атынан медициналық дәрі-дәрмектер таратылса,кәсіподақ ұйымы атынан тегін азық-түлік үйлестірілді.Соғыс ардагерлері баталарын беріп,алғыстарын білдірді.