Медициналық қызметтерді қашықтықтан,яғни онлайн алуға болатындығын барлық азаматтар біле бермейді.Бұл,әсіресе,Covid-19 пандемиясының таралуына байланысты енгізілген шектеулеріне байланысты өзекті мәселе болып отыр.Цифрлық технологиялар онлайн-кеңес беру арқылы науқастарды уақтылы диагностикалауға және емдеуге,медициналық оңалтуға және аурулар мен жарақаттардың алдын алуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар учаскелік дәрігердің қашықтықтан консультациясы кепілдендірілген медициналық көмек тізіміне,ал бейінді мамандардың кеңестері-нақты көрсетілген қызметтер үшін міндетті медициналық сақтандыру аясында жүзеге асырылады(медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің аясында көрсетілетін созылмалы,әлеуметтік мәні бар және жұқпалы аурулардан басқа ).Қашықтықтан дәрігер рецепт жаза алады,ол пациенттің мобильді қосымшасында көрінеді.Сонымен қатар,мұнда сырқат парақшасын,зертханалық зерттеу нәтижелерін көре аласыз.Алдағы уақытта қашықтықтан көрсетілетін қызметтер тізімі кеңейтілетін болады.