ШЖҚ «Мұғалжар аудандық ауруханасы» МКК
Мұғалжар аудандық ауруханасы Қандыағаш қаласында типтік ғимаратта облыс орталықтан 90 км қашықтықта орналасқан, оның құрамында 5 қабатты, 2 қабатты стационарлық және 3 қабатты емханалық ғимарат бар. Емхана тәулігіне 600 адам қабылдауға арналған. 250 керуеттік стационар, қазіргі таңда керует саны - 98. Сонымен қатар аудан тұрғындарына медициналық көмек 50 керуеттік күндізгі стационарда көрсетіледі, 30 керует МАОА-нда, ал 20 керует ауылдық дәрігерлік амбулаторияларда орналасқан.
1972 жылы Октябрь ауданының Октябрь қаласында Октябрь аудандық емхана құрылған, мекеменің бас дәрігері болып Баймұқамбетов Ереван Баязитович тағайындалды, бас дәрігердің орынбасары-Шүкіров Қалау, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстары бойынша орынбасары - Қасымов Жақсылық.
1975 жылы Октябрь ауданының Октябрь қаласында Октябрь аудандық орталық ауруханасы құрылды.
1980 жылы стационардың көлемі 100 керуетке толығып, аудандық орталық аурухананың қарамағына көп қабатты ғимарат бөлінді.
1981 жылы аудандық орталық ауруханада жедел жәрдем бөлімі ашылды.
1989 жылы шағын ауданда типтік ауруханалық ғимарат салынып, пайдалануға берілді. Типтік ғимарат 3 бөлімнен тұрады: стационарлық көп қабатты бөлім негізгі корпус деп аталады, емханалық бөлім және балалар бөлімі көмекші бөліммен қоса.
1988 жылы 3 қабатты емхана және балалар бөлімінің 2 қабатты ғимараты қолдануға берілді.
1991 жылы аудандық орталық аурухананың керует саны 240 көбейіп, Октябрь аймақтық медициналық бірлестігі болып құрылды, сол кезде алғашқы рет 25 керуеттік перзентхана ашылды.
1993 жылы инфекция бөлімінің 2 қабатты ғимарат қолдануға берілді.
1997 жылы Октябрь және Мұғалжар аудандары бірігіп, Мұғалжар аудандық орталық ауруханасының ашылуына себеп болды.
1998 жылы алғашқы рет жек заңнамалық тұлға ретінде отбасылық дәрігерлер «TASIS» жүйесі бойынша оқытылды және тәжірибелері шетелдік емханаларда өтті.
1999 жылы Мұғалжар аудандық денсаулық сақтау бөлімі болып ашылып, емхана мен аудандық аурухана 2 бөлініп, заңнамалық тұлға ретінде қалыптасты.
2001 жылы аудандық аурухана мен емхана бірігіп, Мұғалжар аудандық ауруханасы құрылды.
2007 жылы аудандық денсаулық сақтау бөлімі қайта құрылды.
2012 жылдың желтоқсан айында аудандық емхана қайта құрылып, Мұғалжар аудандық орталық ауруханасы тәулігіне 600 адам қуаттық қабылдау емханалық бөлімнен, 98 керуеттік стационардан, 50 керуеттік күндізгі стационардан, соның ішінде 20 керуеттік 5 ауылдық дәрігерлік амбулаторияларда және 16 медициналық пункттерде ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетіледі.