Телефоны приемной:
8 (71333) 31110
8 (71333) 34311
» » Коронавирусқа қарсы екпе туралы кездесу

Коронавирусқа қарсы екпе туралы кездесу

23 февраль 2021, Вторник
469
0


Мұғалжар аудандық ауруханасының медицина қызметкерлерінен құралған штаб:бас дәрігердің емдеу-ісі бойынша орынбасары Тажимуратова Ж.Ж.,СӨСҚ маманы Инисова С.С. және психолог маманы Молдашева Ж.Е. қатысуымен мектеп мұғалімдері арасында кездесулер ұйымдастырылуы басталды.Кездесу барысында елімізде жүріп жатқан COVID-19 инфекциясына қарсы салынатын профилактикалық вакцинацияны алу туралы түсінік берілді.Екпенің маңыздылығы мен оның құрамы,жүргізілу тәртібі,сондай-ақ,пандемиямен күресудің ең тиімді жолы-вакцина екендігі ескеріліп айтылды.СӨСҚ маманы сөз тізімінде КВИ-дың клиникалық белгілері,асқыну жолдары:тромбоз,ауру жұқтырған адамдар,соңғы деректер туралы дәріс оқыса,Тажимуратова Ж.Ж. Гам-Ковид-Вап вакцинасының құрамы,қолдануға болмайтын жағдайлар,қолдану жөніндегі нұсқаулар,екпені бірінші кезекте алуға тиісті осал топтар,қарсы көрсетілімдер,жағымсыз әсерлер туралы мағлұмат берді.Аурухана психологы екпе алудың алдында қорқыныш сезімін болдырмау,өзіне деген сенімділікті арттыру,ғаламтор желісіндегі ақпараттарға сенбеу жөнінде айтып, ұстаздармен пікір бөлісті.Шара сұрақ-жауап бөлімімен қорытындыланды.


Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки